Дүйсеке ата басында садақа берілді


Әке, ана – өмірдің мәні де сәні де осылар. Ата-ана өміріміздің шамшырағы, отбасының негізгі дінгегі, дәнекері.Дін мұсылман жолында әкені құрметтеу-айырықша парыз. «Әкеге бағыну – Аллаға бағыну. Әсіресе тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық жоқ. Атырау облысы,Жылыой ауданы,Дүйсеке ата үйінде өмірден озған ардақтыда,аяулы ата Жора ұлы Қуаныш,Жора ұлы Санабай, Жора ұлы Аманқос,Жора қызы Раш, және Ата бабаларына арнап ұрпақтары бірігіп,дастархан жайылып ас берді. Осылайша, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған бір атаның балалары бас қосып,қасиетті Рабиул-Әууәл, Мәуліт,Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с) туылған айында ізгі амалдарын орындады.Дұға дастарханына «Қапан қажы» мешітінің имамы Ыбыраш Жамбыл Демеуұлы Құран оқып «Пайғамбарымыздың өмірінен» тартымды уағыздарын айтты. Үлкенді сыйлау – қазақ халқының ата салты. Үлкенді сыйлау – ең алдымен әке-шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасын, өз ата-анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды да сыйлай алмайды. Ата-ана баланы дүниеге келтіріп, өмір береді, тәрбиелеп өсіреді, білім береді. Оған ер жетіп, отбасының қамқоршысы болады деп сенім артады. Есейген бала ата-анаға қамқоршы болуға жараса – жігіт болғаны. Ата мен ананың қартайғанда бойынан күші қайтады. Бірақ олардың ақылы, көпті көрген тәжірбиесі отбасына үлкен көмегін тигізеді. Әрбір қиын істің шешімін ең алдымен ата-ана табады. Ол үшін ата-анамен ақылдасып, олардың пікірін тыңдап отырған орынды. Ата-ананы сыйлаған жастардың өз балалары да кейін соны қайталайды. Ата-ананың ісінен үйреніп қана қоймай, олардың тәрбиесін бойға сіңіре білу – әр баланың парызы. Ата-ана қандай жағдай болмасын, «балам қатарынан қалмасын, білім алып үлкен азамат болсын» деп әрқашан тілеуін тілеп жүретін асыл жандар.Еске алу дұға дастарханына келген жамағатқа Жориев Теміржан Қуанышұлы рахметін айтып, ақсақалдар баталарын берді.