Үлкенді сыйлау – ең алдымен әке-шешені сыйлаудан басталады

Әке, ана – өмірдің мәні де сәні де осылар. Ата-ана өміріміздің шамшырағы, отбасының негізгі дінгегі, дәнекері.Дін мұсылман жолында әкені құрметтеу-айырықша парыз. «Әкеге бағыну – Аллаға бағыну. Әсіресе тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық жоқ. Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылында өмірден озған ардақтыда,аяулы ата Әбішов Қосжан Әйішұлы/1887-1959ж/ әже Әйішова Сәния Қосжанқызы/1943-1964/ аға-апаларын,іні келіндеріне арнап ұрпақтары бірігіп,дастархан жайылып ас берді. Осылайша, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған бір атаның балалары бас қосып,қасиетті Мұхаррам айында ізгі амалдарын орындады.Дұға дастарханына «Қапан қажы» мешітінің имамы Ыбыраш Жамбыл «Ата-Анаңа қадірі» тақырыбында тартымды уағыздарын айтты. Үлкенді сыйлау – қазақ халқының ата салты. Үлкенді сыйлау – ең алдымен әке-шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасын, өз ата-анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды да сыйлай алмайды. Ата-ана баланы дүниеге келтіріп, өмір береді, тәрбиелеп өсіреді, білім береді. Оған ер жетіп, отбасының қамқоршысы болады деп сенім артады. Есейген бала ата-анаға қамқоршы болуға жараса – жігіт болғаны. Ата мен ананың қартайғанда бойынан күші қайтады. Бірақ олардың ақылы, көпті көрген тәжірбиесі отбасына үлкен көмегін тигізеді. Әрбір қиын істің шешімін ең алдымен ата-ана табады. Ол үшін ата-анамен ақылдасып, олардың пікірін тыңдап отырған орынды. Ата-ананы сыйлаған жастардың өз балалары да кейін соны қайталайды. Ата-ананың ісінен үйреніп қана қоймай, олардың тәрбиесін бойға сіңіре білу – әр баланың парызы. Ата-ана қандай жағдай болмасын, «балам қатарынан қалмасын, білім алып үлкен азамат болсын» деп әрқашан тілеуін тілеп жүретін асыл жандар.Еске алу дұға дастарханына келген жамағатқа Шоқпартоғай ақсақалдары баталарын берді..