16 наурыз, 2020 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының үндеуі.
Қадірлі бауырлар!
Адам атадан тараған күллі адамзат баласы жаратылған сәттен бастап түрлі жақсылықтар мен сынақтарды бастан кешуде. Өйткені, өмір – сынақ мекені. Ал мұсылманның мұраты – сынақты сауапқа айналдыратын амал жасау.
Иман шартын жүрегіне бекіткен мүмін жақсылық пен жамандық – Алладан деп қабылдайды. Нығметке кенелсе – шүкір етеді, қиындыққа тап болса – төзімділік танытады.
Біз – тарихымыздың сан қилы сындарлы сәттерінде үмітсіздікке берілмей, бір Алладан медет тілеген халықпыз.
Ендеше, мұсылман қауымын құлшылық кезінде еліміз бен жеріміздің, күллі адамзаттың амандығы үшін дұға жасауға шақырамын.