Рамазан – шүкірлікті талап ететін ай

Рамазан – шүкірлікті талап ететін Алланың ұлы нығметі. Бұл айда мейірім төгіледі, күнәлар мен жамандықтар кешіріледі, сауаптар еселенеді, иман күшейеді . Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы Кəкім ағамыз 35-ке жуық ораза ұстаушы жамағатқа Алла разылығы үшін ауызашар берді. Қапан қажы мешітінің имамы Ж.Ыбыраш келген жамағатқа тартымды уағыздарын айтып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап берді.Имам намаз оқып үйренейік кітəбын сыйға тартты. Ауызашар берген ағамызға Алла разы болсын.