"Қапан қажы" мешітінің Бас имамы мешіттердің сенбі,жексенбі күндері жабық болатыны туралы айтты

"Қапан қажы" мешітінің Бас имамы мешіттердің сенбі,жексенбі күндері жабық болатыны туралы айтты
31 тамыздан бастап, еліміздегі барлық мешіттер ашылады.
Бірақ, жұма намаздары оқылмайды. “Яғни, мешіттерімізде бұрынғыша бес уақыт азан шақырыла береді. Бірақ, намаз жамағатпен оқылмайды. Алла алдындағы құлшылықты мешітке келуші жамағат жекелей өтей алады. Сонымен бірге, мешіттерде неке қиылып, Құран оқыла береді.
Бастысы, санитарлық талаптар қатаң жағдайда сақталады. Басты талап – мешітке келуші әр адам маска киіп жүруі қажет”,және сенбі,жексенбі күні мешіт жабық болады дейді "Қапан қажы"мешітінің  Бас имамы Жамбыл Демеуұлы.
Еске сала кетелік, Атырау облысында 31 мешіт бар.