Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Құрметті ауылдастар!
Баршаңызды ұлық мереке - Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! 
Кешегі ата-баба аңсаған Тәуелсіздік ұғымын бүгінгі ұрпақ жете түсінері анық. Дүниедегі мыңдаған халықтар мен ұлыстардың барлығы егемен ел болуды мақсат тұтады. Дегенмен, өз мемлекетін құрып, шын мәніндегі ел болып отырғандары олардың 200-ден астамы ғана екен. Соның арасында бақытты өмір мен тәуелсіздікті армандап, оған қол жеткізу жолында қаншама қан мен тер төккен халықты тарихтан білеміз. 
Мұндай бақытсыздық пен баянсыздық қауіпі біздің ұлттың да басына төнгені белгілі. Алайда азаттықтың ақ таңын аңсаған ата-баба арманы біздерге бұйырды. 
Құрметті ағайын!
Ендеше «Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді» деп бабаларымыз бекер айтпаған. Ендеше ұлы дана халқымыз: «Бақыт - бірлікте, байлық - еңбекте» - деген. Сондықтан еліміздің болашағын, яғни келер ұрпақтың баянды ғұмыр кешуі үшін біздер әлі де талмай еңбек етуіміз қажет.
Тәуелсіздік сіздер мен біздер үшін және ізімізді жалғастырар жас ұрпақ үшін баға жетпес байлық. Осы жолда ен даланы еркін жайлаған еліміз басын бәйгеге байлаған. Әйтсе де, олар ешқашан бас еркіндігін елдіктен жоғары қоймаған. 
  Ел Тәуелсіздігінің арайлы ақ таңы атқанына жиырма тоғыз  жыл толды. 
Осы орайда бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні баршаңызға бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтай берсін.  Азаттық рухы асқақ болсын! Сіздерді ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы, егемен еліміздің Ұлы мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, атқарып жүрген еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін!

 Құрметпен, 
  Қапан қажы мешітінің бас имамы Жамбыл Демеуұлы