Шәкірттерге ықыластың маңыздылығы жайында уағыз айтылды



Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы» мешітіндегі дәстүрлі жұмалық уағызында имам Жамбыл Демеуұлы шәкірттерге «Ықыластың маңыздылығы» Дәстүрлі емес ағымдардың мән-мақсаты түсіндіріліп, құлшылыққа қатысты мән берер мәселелер айтылды. Қалыптасқан үрдіс бойынша әр жұма сайын Құптан намазынан кейін өткізіліп тұратын уағызға бұл жолы «Иманғали» мешітінің қызметкері,Азаншысы, ұстазы Саламат Насихатұлы шақырылған болатын.
Білікті ұстаз,аулымыздың азаматы жамағатқа ықыласты болудың маңыздылығын түсіндіріп, құлшылыққа құлшындыра түсті. Әрбір амалға ықыласты болудың, ынта танытудың қажеттілігі жайында көркем түрде түсіндірген ұстаз уағызы жамағатқа өте пайдалы ақпараттарға толы өтті. Жүздесу соңында әдеттегідей жамағат сұрақтарына кезек беріліп, күрделі тақырыптар бойынша тұшымды жауаптар қайтарылды.