Құрметті ауыл тұрғындары және қонақтары!

Атырау облысы,Жылыой ауданында коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты  Қара арна селолық округінің әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ мүшелері күшейтілген режимде жұмыс атқаруда.
Құрметті ауыл тұрғындары және қонақтары!
Қазіргі қиындықты ескеріп ауыл болып, жұдырықтай жұмылуымыз қажет. Індеттің таралуын алдын-алуда зор жауапкершілік танытып, енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырамын.
Халықтың көп жиналатын орындарына, отбасылық шараларға, садақаларға(7,40,100,жылы), кешкі күзетіне, жаназаларға топталып баруды тоқтату сұралады.
Бұл - баршаға орта міндет.  
Сақтық шаралары басты назарда болуы тиіс!
Құрметті ауыл кәсіпкерлері!
Мереке қарсаңында Өздеріңіз басқарып отырған тойқаналарда отбасылық  шаралардың  болдырмауын қатаң бақылауға алуды сұраймын. Індетпен күресуде азаматтық ізгілік таныту қажет.
Өзіңнің және Өзгенің денсаулығына тікелей жауапты екенімізді ұмытпайық.Атырау облысы Бас санитарының #71 қаулысына сай 21 желтоқсаннан бастап облыс аумағында локдаун шаралары қайта күшейтілген болатын. Осы қаулының 5.2 тармағында көрсетілгендей діни объектілер тек қана жұмыс күндері ғана келушілерге қызмет көрсетеді. Соған байланысты демалыс күндері мешіттер жұмыс істемейтінін қаперлеріңізге береміз.