«Моншақ сай» аталып кеткен сайға салынған көпір құрылысы

Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы «Моншақ сай» аталып кеткен сайға салынған көпір құрылысы – «Қоғамдық кеңестік қорымен» іске асып жатқан нысандардың бірегейі.
Соңғы уақытта шалғайда орналасқан ауылдарда жұртшылықтың  рухын асқақтатар қуанышты сәттер көбейіп келеді. Сөзімізге дәлел,Тенізшевройл бағдарламасымен, Жылыой ауданының  «Қара Арна» ауылдық округіне қарасты Шоқпартоғай ауылында салынып жатқан «Моншақ сайына» салынған көпірді  айтуға болады.
Ауыл тұрғындарына шексіз қуаныш сыйлап, жайлы да сайлы жаңа «Моншақ сай көпірін» ел игілігіне сыйлағалы жатқан «Теңізшевройл» ЖШС мекемесіне және іс басындағы Ерғалиев Бағытжан мен ауыл азаматтары Карақұлов Орынбасар,Құрманғали Сәлішұлы т,б ауыл тұрғындарының қолдауымен сайға салынған көпір құрылысы аяқталып,ауыл тұрғындары бір қуанышқа бөленді. Мынадай қиын заманда, ақысыз-пұлсыз жұмыс жасап, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ұйымшылдық көрсеткен, қасыңдағы аға-інілеріңе ауылдастар атынан мың алғыс айта келе «Қапан қажы» мешітінің имамы Жамбыл қажы Демеуұлы жұмыстарын абыроймен аяқтауларына,шалған құрбандықтарына Құран оқып батасын беріп, сыйлықтар табыстады.