ШОҚПАРТОҒАЙ АУЫЛЫНДА МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТТІ

ШОҚПАРТОҒАЙ АУЫЛЫНДА МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТТІ
Шоқпартоғайлық мұсылман жамағаты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дүниеге келген ай – қасиетті Мәуліт мерекесін атап өту шарасымен басталды. Бұл ретте Мәуліт мейрамына орай рухани-танымдық шара ұйымдастырып, айтулы мерекені халыққа кеңінен насихаттады.
Атап айтқанда, Атырау облысы, Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы « Қапан қажы» мешітінің имамы Жамбыл Демеуұлының ұйытқы болуымен «Адамзаттың асыл тәжі, уа Расулалла (ﷺ)», «Адамзаттың абзалы» атты Мәуліт мерекесі аталып өтілді. Екі дүние сардарының адамзатқа үлгі болған өнегелі өмір жолын ұлықтаған осынау кешке , «Жылыой мұсылмандары орталық мешітінің» ұстазы Дастан арнайы келіп, 
Мәуліт мейрамымен құттықтаған ұстаз өз сөзінде: «ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дүниеге келген Мəуліт айы – Ислам тарихындағы аса маңызды мереке. Оның ерекшелігі туралы пайғамбарымыздың өзі «Мен бұл күні дүниеге келдім, үмметіме елші болып жіберілдім, бұл күні маған Құран түсті», –деп, дүйсенбі сайын ораза ұстау арқылы оған құрмет білдірген. Осыны негізге ала отырып, кей ғалымдарымыз Мəулітті атап өту дəстүрінің пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзінен басталғанын айтады. Ендеше адамзатқа мұра болған – Мəулітті атап өту асыл дініміздің шариғатына сай. Үмметке сүннет болған ізгі дəстүрді жалғап, халыққа қызмет етіп жүрген жандарға Алланың рақымы жаусын», – дей келе, Мəуліт мерекесін атап өтудің артықшылықтарына тоқталды.
Айта кету керек, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) теңдессіз тұлғалық болмысы туралы бейне баян көрсетіліп, сахналық көріністер қойылды. Пайғамбар (с.ғ.с.) шарапатын сипаттайтын арнау өлеңдер оқылып, илəһи əндер шырқалды. 
Сондай-ақ, Жылыой ақсақалы Абдулла бата беріп, Балжігітов Мейіржан Мəуліт дастарханын жайып, жамағатқа сыйлықтар тарту етілді.
«Қапан қажы» мешітінің
баспасөз қызметі ,