Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы

Ассалаумағалейкум 🇰🇿Қазақ елі 
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы құтты және берекелі болсын! Ата-бабамыз,Алаш арыстары және Қайрат,Ләзат сынды т.б ауыл тұрғындарынан қатысқан және көптеген қандастарымыз осы егемендік жолында құрбан болды.Алла ол кісілерге рахымына бөлесін..... Бабаларымыз біздерге аманаттап қалдырған ел мен жеріміз аман болсын.
Жаратқан иеміз  жар болып, қиямет-қайымға дейін тәуелсіздігімізді баянды қылып, мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуін нәсіп етсін! Ел үшін, жер үшін жандарын құрбан еткен ата-бабаларымыз бен аға-әпкелеріміздің рухтарына Алла  тағала разы болып, жәннаттың төрінен орын берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, ұрпақтарымыздың қызығын көрейік.Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылының тұрғындарының ұйымдастыруымен садақа дастарханы жайылып,құран оқылды.
Асыл Дініміз, Тіліміз жасай берсін.