Тәуелсіздік – Алланың халқымызға берген ұлы сыйы

Тәуелсіздік – Алланың халқымызға берген ұлы сыйы, баға жетпес байлығымыз. Жаратушы Иеміздің ұлы нығметіне шүкір етіп, тәуелсіздікті сәт сайын қорғау, қастерлеп, аялау - еліміздегі әрбір азаматтың адамгершілік борышы. Осынау нығметтің қадіріне жетіп, тәуелсіздігімізді баянды ету – баршаға ортақ іс, абыройлы міндет.Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қасиетті Жұма күні Жылыой ауданына қарасты бірқатар ауыл имамдарына және мешіт ұстаздарына қызметінде белсенділік танытқаны үшін "Жылыой аудандық орталық" мешітінің Бас имамы Жасұлан Қуанышұлы атынан алғыс хаттар табыстады.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құтты болсын! 
Жамбыл қажы Демеуұлы "Қапан қажы" мешітінің Бас имамы