ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

Бүгін барша мұсылмандардың ұлық мерекелерінің бірі - Құрбан айт мейрамы басталды . Атырау облысы, Жылыой ауданы, шоқпартоғай ауылындағы Қапан қажы мешітінде айт намазына жиналған жамағат көп болды. Жиналған ағайынға ауыл әкімі Е.Елеусінов құттықтау тілегін жеткізді. Ал Қапан қажы мешітінің бас имамы Ыбыраш жамбыл құрбан шалудың маңыздылығы мен қалай орындалатындығы туралы түсінік бере келіп, - Біз мерекені мерекелік намаз оқудан бастаймыз. Осы мерекелік намазға әуелі жуынып, тазаланып, өзіміз жақсы көретін киімдерімізді киіп, жақсы иіс суларымызды сеуіп, мерекелік намаз оқимыз. Құрбандық малды да намаз оқығаннан кейін ғана сою керек.

Толығырақ

ҚҰБАН АЙТ – МЕЙІРІМ МЕРКЕСІ

Құрбан айт – бірлік пен игілік, мейірім мен кешірім мерекесі. Алланың разылығы үшін құрбан шалу арқылы пенденің иманы күшейіп, тақуалығы артады. Қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалық, Аллаға деген құрмет» («Хаж» сүресі, 37-аят), – деп баяндалған.
Осыған орай Атырау облысы,Жылой ауданы , Шоқпартоғай ауылындағы Қапан қажы мешітінде таңмен айт намазы оқылса, Мешіт алдында ұлық мерекеге арналған шара ұйымдастырылды. Шараға жиналған көпшілікке Қара арна ауылдық округінің әкімі Ерболат Елеусінов пен Қапан қажы мешітінің бас имам Жамбыл Ыбыраш құттықтау тілектерін жеткізді. Құрбан айт мерекесіне мешіт жамағаты, ауыл тұрғындары мұрындық болып,шарада ұлттық спорт түрлері арқан тарту, қол күресі және кір тасын көтеруден сайыстар ұйымдастырылды.
Спорттық сайыстарда жоғары белсенділік танытып, жүлделі орын алғанғандарға естелік сйылықтар табыс етілді.
Шара соңында ауыл үлкендеріне және ауыл тұрғындарына арнайы шалынған құрбандық малдың етінен дәм татқызып, Риза болған ақсақалды аталар мен ақ жаулықты аналар ақ баталарын берді.
Толығырақ

«Мектепке жол-2018»

Үстіміздегі жылдың тамыз айының 1-ші күнінен бастап елімізде аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек ретінде жасалатын «Мектепке жол-2018» акциясы басталды. Қайырымдылық шарасы 30-шы тамызға дейін жалғасады. Осыған байланысты Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы » ауылдық мешіті игілікті істің қолдаушысы болуда. Мектеп табалдырығын аттағалы отырған 10 оқушыға қажетті оқу құралдарын берді және сөмкемен қамтыды. Олардың мектепке баруына толықтай жағдай жасады. 


Толығырақ

"СУИЦИД-АУЫР КҮНƏ"

Атырау өңірі, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылы, Қапан қажы бас имамы Жамбыл Демеуұлы мешіт жамағаты жəне ауыл тұрғындарымен ауылда орын алып жатқан суицид жайлы уағыз-насихат жүргізді.
Кісінің өзін-өзі өлтіруі – Алланың кешірім, мейірімінен, рақымынан қол үздіреді. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мүмін арам қанға былғанбайынша (малынбайынша), дінінде кеңдік ішінде», – деп, өзінің немесе өзгенің қанын төкпеген адам ақыр бір Алланың рахымына


Толығырақ

"Отбасы "

ҚР-НЫҢ "Отбасы күні"құрметіне "Қапан қажы" мешітінің жамағатымен Бағытжан ұлы Бексұлтанның Сүндет той Тілашар ұйымдастырылып, мешіт имамы Жамбыл Демеуұлы "Отбасы " турасында уағыз насихат айтылды.
Толығырақ

«Білімдінің сөзін тыңда, айтқанын үйрен, іске асыр»

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы "Ырыс " кешенінде ауыл тұрғындары, мектеп мұғалімдері мен оқушылары, "Қапан қажы "мешітінің имамы Ж.Ыбыраш, мектептің ата аналар төрағасы Тілепов.М, мектептің қамқоршылар кеңесінің төрағасы С.Балжігітов, мектеп директоры Унгарбаева.Ш, жылой ауданы Білім бөлімі басшысы Ж. Қазиева қатысып "Бала тəрбиесі" тақырыбында əңгіме қозғалып, "Қапан қажы" мешітінің бас имамы Жамбыл Демеуұлы 9-11 сынып оқушыларына жəне мұғалімдерге айына екі рет имандылық туралы сабақ беруге ұсыныс жасады. Себебі Ақида,Фиқһ,Ахлақ сабақтарын білу бəрімізге парыз.Абай атамыз он сегізінші қара 


Толығырақ

Мұхаррам айындағы «Ашура» күні

Атырау болысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы» мешітіне Қасиетті Мұхаррам айындағы «Ашура» күні қараңында Жылыой аудандық мұсылмандары» мешітінің бас имамы А.Исаев,Жылыой аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Е,Төлендиев,Жылыой ауданы , «Кең Жылыой» мәдениет үйінің директоры Әлібек Темірханов келіп жамағатпен жүздесіп, Имам Арман қажы

Толығырақ

Аллаға иман келтірудің құндылығы

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы "Қапан қажы" мешітіне "Жылой мұсылмандары" мешітінің ұстазы Сүлейменов Дастан келіп Аллаға иман келтірудің құндылыға турасында жамағатты құнды уағызы мен сусындатып кетті .Жамағаттың көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Мешіт имамы Жамбыл Демеуұлы иығына шапан жапты.

Толығырақ