«Құран оқыңдар! Ол қиямет күні иесіне шапағат етеді»




Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы "Қапан қажы" мешітінде жұма күні жамағатпен жетінші Құран Кәрім хатымы жасалды. Қасиетті кітапты оқу – ең ұлы ғибадаттардың бірі және Аллаға жақындататын төте жол. Әбу Умама риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):«Құран оқыңдар! Ол қиямет  күні иесіне шапағат етеді», – деп басқа пайғамбарларға берілмеген шапағатты Құран иеленетінін білдірген.Алла тағала:«Расында, сендерге Алла тарапынан  нұр және ашық кітап келді. Сол арқылы Алла тағала Өзінің разылығына ілескендерді амандық жолдарына салады және Өз нұсқауымен оларды қараңғылықтан нұрға шығарады әрі тура жолға салады».Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Құран аяттарын көп жаттаған адамның жұмақта дәрежесінің аса жоғары болатындығын Абдулла ибн Амр аль-Ась риуаят еткен хадисте айтқан:«Құран иесіне (Құран оқып жаттаған адам) былай делінеді: Оқы және жоғарыла (төрлет), оқы, дүниеде қалай оқыған болсаң дәл солай оқы. Расында, сенің орның ең ақырғы оқылатын аятта» деген.
 «Қапан қажы» мешітіне қарасты www.kapan-kazhi-meshiti.kz сайтына және Инстаграмдағы парақшаға Islam_kulsari.kz Құранның хатымы бейне таспаға жазылып, суретке түсіріп жариялап отырамыз. "Қапан қажы" мешітінде Құраннан,тәджуид сабақтары жүріп жатыр, Бесін, Құптан намазынан кейін "Ислам Тарихы  және Мұхаммед(с. ғ. с) өмірі" кітәбынан  дәріс жүруде. Мешітке келіп Құран үйреніңдер.Құран хатым оқыған барша жамағаттарына және Бөкенов Дүйсенбек ақын ағамазға, мешіт имамы Ж. Ыбыраш ризашылығын білдіріп,жамағат атынан сыйлық табыстап, батасын берді.Құран оқуда жалқаулық танытсаң,есіңде сақта!  Құранның әрбір әрпіне 10 сауап;Бір бетін оқығанға 5000 сауап;Бір пара оқығанға 100 000 сауап;Құранды толық хатым етсе, 3000 000 сауап беріледі.
"Алла қалаған пендесіне еселеп сауап жазады" (Құран кәрім, Бақара сүресі, 261-аят).