Ақ некенің қадірі мен қасиеті





Жанұя - шағын мемлекет. Ал үлкен мемлекеттің негізі екі жастың ақ некесінен басталады. Адамның жеке тұлғасының қалыптасуы отбасыдан басталары хақ. Кез келген пенденің ар-ұятының, ақыл-ойының, адамгершілік пен ізгілікке ұласқан тәлім-тәрбиесінің қалыптасып, дамуы отбасыдан бастау алатыны басы ашық мәселе. Абыз ақсақалдар, батагөй қариялар жаңа өмірге қадам басып, отбасын құрған Қапанов Нұрсұлтан мен Смағұл Аққу және Төкенов Асылбек пен Изтурғанова Ботакөз жастарға Балжігітов Мейіржан,Бағытжан ағаларымыз «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл - құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз. «Қоғамның имандылыққа икемделу маңызына мән берген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Ақ неке» кітапшасы және «Мұсылман неке куәлігі» жарық көрді». «Қапан қажы» мешітінің бас имамы Жамбыл қажы Демеу ұлы жаңадан шаңырақ көтерген Нұрсұлтан Телжанұлы мен Аққу Елдосқызына және Асылбек Төкенұлы мен Ботакөз Болатқызына жас жұбайлар үшін ақ некенің қадірі мен қасиеті, иманды отбасының ерекшеліктері түсіндірді..