Ақ некенің қадірі


Жанұя - шағын мемлекет. Ал үлкен мемлекеттің негізі екі жастың ақ некесінен басталады. Адамның жеке тұлғасының қалыптасуы отбасыдан басталары хақ. Кез келген пенденің ар-ұятының, ақыл-ойының, адамгершілік пен ізгілікке ұласқан тәлім-тәрбиесінің қалыптасып, дамуы отбасыдан бастау алатыны басы ашық мәселе. Абыз ақсақалдар, батагөй қариялар жаңа өмірге қадам басып, отбасын құрған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл - құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз. «Қоғамның имандылыққа икемделу маңызына мән берген "Қапан қажы" мешітінің имамы Жамбыл Демеуұлы неке қиуға келген жастарға түсіндіру жұмысын жүргізді.