МЕШІТТЕ МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ.

Алла Тағала Құран кәрімде «Ей, адамдар ! Сендерге өз араларыңнан бір пайғамбар келеді. Сендер тауқыметке ұшырасаңдар – Оған ауыр тиеді. Ол сендердің тура жолда болғандарыңды қалайды, мүміндерге құштар, өте жанашыр» («Тәубе» сүресі, 128 - аят), - деген.
Мәуліт – араб сөзі, қазақша «туған күн» деген мағына береді.  
  Мұхаммед (ﷺ) Исадан (ғ.с.) милади жыл санауы бойынша, 571 жыл кейін, 20 сәуірде, һижри санауы бойынша Рабиул-әууал айының 12-сі, дүйсенбі күні дүниеге келді.
Жүнайд Бағди: «Кімде кім Пайғамбарымыздың (ﷺ) мәулітіне қатысып, оны ұлықтаса, ол шынында да иманды», - деген.
Хасан әл-Басри (р.а.): «Менің Ухуд тауындай алтыным болса, оны Пайғамбарымыздың (ﷺ) мәулітін оқытуға жұмсаған болар едім»,- деген. Жалалуддин ас – Суюти (р.а.): «Бір үйде немесе мешітте Пағамбарымыздың (ﷺ) мәуліті оқылса, сол үйдің немесе мешіттің адамдарын періштелер қоршап алады, олардың барлығына Аллаһ тағаланың рахметі жауады және үйіне нұрмен оралады.
Пайғамбармызға (ﷺ) салауат айтудың артықшылығы жөнінде хадис-шәріпте (ﷺ): «Киямет күні маған ең жақын адам – Маған ең көп салауат айтқаны» «Имам Термизи». «Қасында Менің атым аталып, Маған салауат айтпаған адам - анық сараң» «Имам Термизи».
Бұл айда атап өткізудегі негізгі мақсат – Мұхаммед (ﷺ) пайғамбардың іс-әрекеттерін насихаттау, салауаттар айту, жастарға имандылық қағидаттарын түсіндіру, оларды отансүгіштікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтануға шақыру.Бүгін Қасиетті Жұма намазынан кейін мешітте құрбан шалынып, дастархан жайылып Мәуліт оқылды.
Қазіргі таңда, рухани Мәуліт айы облысымыздың барлық аудандарында жалғасын табуда. 
Ұлы Алла Тағала барша ниеттеріміз бен тілектерімізді қабыл етсін! Әмин!
"Қапан қажы" мешітінің имамы Жамбыл Демеуұлы