Нұрғазиев Кәкім(Талап) ағамыз Зәм зәм су таратты

Пайғамбарымыз(с.ғ.с)    былай бұйырады:"Дорбазаңның аузын байлама,яғни сараңдық танытпа,егер солай істесең,Алла Тағалада саған берерін байлап тастайды" .Тағы мүбарак хадисінде                                            Пайғамбарымыз(с.а.у) хазреттері былай бұйырады;                                                                              -Кімде кім бұл айда  Ораза ұстаған бір кісіге бір тостаған су берсе, Аллаһ Тағала оған, менің Кәусар бұлағымнан шөлін сондай қандырып ішкізеді, қайтып жұмаққа кіргенге дейін, шөлдеу деген нәрсені еш уақытта сезбейді!(Тәрғиб2/218, ) 
Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы "Қапан қажы"  мешітінде Қасиетті Жұма намазы оқылды,жұма намазына келген ауыл тұрғындары шөлін бассын,ауызын Ораза ұстап жатқандар болса,қасиетті Меккеден келген Зәм зәм сумен ашып-жапсын  деп , ерен еңбегімен шаруа тінін ширатқан, ауданға танымал азамат, өнегелі отбасының бәйтерегі  Нұрғазиев  Кәкім(Талап) ағамыз Зәм зәм су таратты."Қапан қажы"   мешітінің имамы Жамбыл қажы Демеу ұлы ризашылығын білдіріп,Нұрғазиев Кәкім(Талаб), Нұрғазы,Қаракөз Сәрсен,Түрме Зайда,Біләл,Досқали,Есқали,Тобылғы,бабаларына арнап Құран оқып дұға жасады.                                                                                 Жамазиәл әууәл айындағы Жұма қабыл болсын!