Абдрахманов Өмірхан(12.09.1930)

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Абдрахманов Өмірхан(12.09.1930)  зайыбы Абдрахманова Жақсыбике Тағанязқызының рухына арнап жыл толу дұға дастарханы жайылып ас беріледі.Еске алып ас беруге Өмірхан баласы Темірбек пен қыздары, ағайын ,тумалары бірігіп  көзі көрген ауылдастарына,тумаларына,ұжымдастарына арнап  садақа дастарханын жайды. Халқымы айтады «Қайғы бөліссе азаяды» деп азалы адамдардың қайғысына ортақтасып,көңіл айтып, жұбатып келген. Бұл үрдіс ұрпақ санасына берік орнап,күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Халқымыз көңіл айтуға да ерекше маңыз беріп, оны шешендік сөздермен көмкеріп,адамның жүрегіне жұбату етіп, шебер жеткізе білген. Қазақ халқы бірлікшіл,туысшыл болғандықтан ағайын арасындағы қайғылы жайларда ешқашан бейтарап қалмаған.Асыл дініміз исламда да көңіл айту әбестік емес деп көрсетілген.Бақилық болған адамдардың жақындарына «иманы саламат болсын»,«артта қалғандарға өмір берсін», «топырағы торқа болсын», «алдынан жарылқасын, «арты қайырлы болсын» деген сияқты сөздер айту шариғатқа қайшы емес. Бұл қаралы жандарды сабырға шақыру, Алланың жазғанына көну, болып табылады.Жұбатуға байланысты мысалдарды Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірінен де көптеп кездестіруге болады.Бірде қызының ұлы өлім үстінде жатыр деген хабарды естігенде Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қызыма айтып бар!Алғаны да, бергені де Оныкі(Алланікі)! Ешнәрсе мәңгі емес, әр нәрсенің уақыты шектеулі. Сондықтан айт,сабыр етсін, Алланың жазғанына көнсін» – деп басу айтса керек. 
Қазақ халқының тағылымға толы салт-санасын зерделесек, барлығы да дініміз Исламмен үндескен, тәрбиелік,тағылымдық маңызға толы болып келеді.Артында қалған ұрпақтары , келген ағайын тумаларға , қонақтарға,ұжымдастарына Өмірхан атамыздың ұрпақтарына ризашылықтарын білдірді және "Қапан қажы" мешітінің имамы Ж.Ыбыраш тартымды уағыздарын айтып, Құран оқып сауабын бағыштады.