Бас имам қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстарын пысықтады

Жиын барысында Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстарын пысықтады. "Берекеге толы ай Рамазан мұсылман мен мұсылманды бауыр ететін қасиетті ай. Сондықтан, бұл айда жағдайы төмен, әлеуметтік жағынан қамқорлықты қажет ететін азаматтарымыз да назардан тыс қалмауы тиіс" деп атап өтті өкіл имам.
Жиын барысында отыз күн оразада намаз алды және намаздан кейін айтылатын уағыз тақырыптарын бекіту, ауызашар кестесін реттеу, жамағат арасында ауызбірлікті арттыратын өзге де шаралар ұйымдастыру мәселесі талқыланды. Және ораза кестесін жамағат арасында тарату туралы да тапсырмалар берілді.