Қапан қажы мешітінің ресми сайты

«Қапан қажы » мешітінде 01-Казан күні сайттың және мешіттің көрсететін қызметі жайлы ақпарат беру мәселесі сөз болды. Бас имам Жамбыл қажы "Қапан қажы " мешіт жамағатына қазіргі білім мен ғылымның дамыған заманында ғаламтордың жақсы және жаман жақтары болатынын айтты. Оның ішінде, кері әсер ететін тұстары жат ағымдарға еріп кетпеудің алдын алу керектігі жайында ой бөлісті. 
Сондай-ақ мешіт имамы Ж. Ыбыраш ҚМДБ-ның ресми сайтынан және ақпараттық, руғани-ағарту порталы Қапан қажы мешітінің ресми сайтынан http://kapan-kazhi-meshiti.kz/admin.php 



Толығырақ

Шәкірттер "Діни сауат ашу курсын" тәмамдады.

«Оқу-инемен құдық қазғандай» демекші Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы» мешітінде 30 шақты шәкіртке діни сауат ашу курсы басталып, шәкірттер білім нәрімен сусындап жатыр. Дәрісті білімді де білікті Жамбыл имам-ұстаздар жүргізіп келеді. Сонымен қатар дәрістен тыс шәкірттерге арнайы футбол, табиғат аясына шығып тынығу секілді шаралар ұйымдастырылған.

Толығырақ

"ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЛЕКЕТ ЖӘНЕ ДІН"

Аудандық ақпараттық түсіндіру тобы, "ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЛЕКЕТ ЖӘНЕ ДІН" тақырыбында Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы Қара арна селолық округның əкімшілігінде Тілеуов Науырызбай,"Қапан қажы "мешітінің имамы Ж.Ыбыраш, Ауыл əкімінің

Толығырақ

Мешіт имамдары біліктілігін арттырды

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен 30-31 шілде аралығында мешіт имамдары арасында біліктілігін арттыру курсы өтті.
«Зайырлылық және дін – біртұтас қоғам» тақырыбында өткен екі күндік курс жұмысына дәріс жүргізу үшін Алматы қаласынан республикамызға танымал білікті теолог, «Пікір діндерді қолданбалы зерттеулер орталығының» директоры А.Сабдин арнайы шақыртылды.
Курсты облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев ашып, дін саласындағы өзекті мәселелерді шешу жолындағы аталмыш шараның маңыздылығына тоқталып өтті. 


Толығырақ

ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

Бүгін барша мұсылмандардың ұлық мерекелерінің бірі - Құрбан айт мейрамы басталды . Атырау облысы, Жылыой ауданы, шоқпартоғай ауылындағы Қапан қажы мешітінде айт намазына жиналған жамағат көп болды. Жиналған ағайынға ауыл әкімі Е.Елеусінов құттықтау тілегін жеткізді. Ал Қапан қажы мешітінің бас имамы Ыбыраш жамбыл құрбан шалудың маңыздылығы мен қалай орындалатындығы туралы түсінік бере келіп, - Біз мерекені мерекелік намаз оқудан бастаймыз. Осы мерекелік намазға әуелі жуынып, тазаланып, өзіміз жақсы көретін киімдерімізді киіп, жақсы иіс суларымызды сеуіп, мерекелік намаз оқимыз. Құрбандық малды да намаз оқығаннан кейін ғана сою керек.

Толығырақ

ҚҰБАН АЙТ – МЕЙІРІМ МЕРКЕСІ

Құрбан айт – бірлік пен игілік, мейірім мен кешірім мерекесі. Алланың разылығы үшін құрбан шалу арқылы пенденің иманы күшейіп, тақуалығы артады. Қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалық, Аллаға деген құрмет» («Хаж» сүресі, 37-аят), – деп баяндалған.
Осыған орай Атырау облысы,Жылой ауданы , Шоқпартоғай ауылындағы Қапан қажы мешітінде таңмен айт намазы оқылса, Мешіт алдында ұлық мерекеге арналған шара ұйымдастырылды. Шараға жиналған көпшілікке Қара арна ауылдық округінің әкімі Ерболат Елеусінов пен Қапан қажы мешітінің бас имам Жамбыл Ыбыраш құттықтау тілектерін жеткізді. Құрбан айт мерекесіне мешіт жамағаты, ауыл тұрғындары мұрындық болып,шарада ұлттық спорт түрлері арқан тарту, қол күресі және кір тасын көтеруден сайыстар ұйымдастырылды.
Спорттық сайыстарда жоғары белсенділік танытып, жүлделі орын алғанғандарға естелік сйылықтар табыс етілді.
Шара соңында ауыл үлкендеріне және ауыл тұрғындарына арнайы шалынған құрбандық малдың етінен дәм татқызып, Риза болған ақсақалды аталар мен ақ жаулықты аналар ақ баталарын берді.
Толығырақ

«Мектепке жол-2018»

Үстіміздегі жылдың тамыз айының 1-ші күнінен бастап елімізде аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек ретінде жасалатын «Мектепке жол-2018» акциясы басталды. Қайырымдылық шарасы 30-шы тамызға дейін жалғасады. Осыған байланысты Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы » ауылдық мешіті игілікті істің қолдаушысы болуда. Мектеп табалдырығын аттағалы отырған 10 оқушыға қажетті оқу құралдарын берді және сөмкемен қамтыды. Олардың мектепке баруына толықтай жағдай жасады. 


Толығырақ

"СУИЦИД-АУЫР КҮНƏ"

Атырау өңірі, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылы, Қапан қажы бас имамы Жамбыл Демеуұлы мешіт жамағаты жəне ауыл тұрғындарымен ауылда орын алып жатқан суицид жайлы уағыз-насихат жүргізді.
Кісінің өзін-өзі өлтіруі – Алланың кешірім, мейірімінен, рақымынан қол үздіреді. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мүмін арам қанға былғанбайынша (малынбайынша), дінінде кеңдік ішінде», – деп, өзінің немесе өзгенің қанын төкпеген адам ақыр бір Алланың рахымына


Толығырақ