Аяқ доптан жарыс өтті.

Бүгін Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы №3 мектепті 10 жыл бұрын бітірген жастардың ұйымдастыруымен ауыл жастары және мешіт жамағаттары арасында аяқ доптан жарыс өтті. 
Ауыл жастары және жамағат арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған жарыс Шоқпартоғай денешынықтыру-сауықтыру кешенінде жоғары деңгейде өтті. Кіші аяқ доп сайысында ұйымдасқан 1995 жылғылар команда топ жарды.
Екінші орын 1999 бұйырды. үшінші орынға 1993 табан тіреді. Жеңімпаздар кубоктармен, естелік сыйлықтармен марапатталды. Ауыл жастарының атынан құралған командаларға 10 жылдықтар алғыс білдірді