Құранды үздіксіз хатым етуде

Елімізде орын алған төтенше жағдайға орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кеше барша дін қызметкерлеріне мүмкіндігінше Құранды үздіксіз хатым етуге үндеген болатын.
Құранның ақиқатын білгісі келген жан  дүиенің білімін қатар алып жүргені абзал. Қасиетті Құранда:«Алладан лайықты түрде тек қана ғалым құлдары қорқады»,[14]– делінген. Бір саланы терең зерттеп, содан диссертация қорғап, Алланың жаратқан кішкетай бір жаратылысын зерттеп ғылыми атақ алып жатқандар әлі зертелмей өз кезегін күтіп жатқан қаншама дүние барын білер ме екен? Алла тағала:
«Егер, жер жүзіндегі ағаш атаулының барлығы қалам болса, оның үстіне тағы жеті теңіз сия болса, оның үстіне тағы жеті теңіз сыя болып қосылса да, Алланың сөздерін (жазып) тауысуға болмайды. Алла анық жеңімпаз, анық хикмет иесі»[15], – деген. 
  Үндеуге үн қосқан ҚМДБ Атырау облысы,Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы» мешітінің жамағатпен жиырма бесінші  Құранды толықтай аяқтап, хатым дұғасын «Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш жасады.  Алла Тағаладан күллі әлем халқының басына төнген індеттен сақтауын сұрап, арнайы дұға жасады."Қапан қажы"мешітіне қарасты www.kapan-kazhi-meshiti. kz сайты және Islam_Kulsari. kz инстаграм парақшасында  Құранның хатымы жариаланып тұрады.