Үндеуге үн қосқан

Елімізде орын алған төтенше жағдайға орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кеше барша дін қызметкерлеріне мүмкіндігінше Құранды үздіксіз хатым етуге үндеген болатын.
«Біз – тарихымыздың сан қилы сындарлы сәттерінде үмітсіздікке берілмей, бір Алладан медет тілеген халықпыз. Осы ретте мұсылман қауымын еліміз бен жеріміздің, күллі адамзаттың амандығы үшін дұға жасауға, Аллаға мадақ, пайғамбарға салауат айтуға шақырамын. Ал барша дін қызметкерін Құранды мүмкіндігінше үздіксіз хатым етуге үндеймін» деген Бас мүфти бастамасы еліміздегі құлшылық ордаларында жүзеге асуда.
Үндеуге үн қосқан ҚМДБ Атырау облысы,Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы» мешітінің жамағатпен  он бесінші Құран хатымы жасалды .  Қасиетті Құран аяттары төтенше жағдай аяқталғанша  оқыла береді.
«Қапан қажы» мешітінде жамағатпен бүгін Құранды толықтай аяқтап, хатым дұғасын жасады. Игі шараға «Қапан қажы» мешітінің имамы Жамбыл қажы Демеуұлы қатыстып,жамағатпен  бірге Алла Тағаладан күллі әлем халқының басына төнген індеттен сақтауын сұрап, арнайы дұға жасады.