«Расында Құранды біз түсірдік. Әрі шын мәнінде, оны Біз қорғаушымыз»

Елімізде орын алған төтенше жағдайға орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кеше барша дін қызметкерлеріне мүмкіндігінше Құранды үздіксіз хатым етуге үндеген болатын.
 Демек ғылым дамыған сайын Құранның ақиқаты ашыла береді. Алдыңғы үмметтің аша-алмаған жаңалығын бүгінгі күнде ғылым ашып жатса, біздің жете алмаған жетістігіміз кейінгі ұрпақтың еншісінде. Алла тағала Құранда:
«Расында Құранды біз түсірдік. Әрі шын мәнінде, оны Біз қорғаушымыз», – деп, Өзінің дінін Пайғамбарлар арқылы үмметіне жеткізсе, пайғамбарлардан кейін ислам ғалымдары біліммен,  жаны жайсаң жомарт мұсылмандар мал-дүниесімен жоқ-жітік мұқтаждарға исламның төртінші парызын орындап Алланың дініне жәрдем беріп жатыр.
Үндеуге үн қосқан ҚМДБ Атырау облысы,Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы» мешітінің жамағатпен жиырма алтыншы  Құранды толықтай аяқтап, хатым дұғасын «Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш жасады.  Алла Тағаладан күллі әлем халқының басына төнген індеттен сақтауын сұрап, арнайы дұға жасады."Қапан қажы"мешітіне қарасты www.kapan-kazhi-meshiti. kz сайты және Islam_Kulsari. kz инстаграм парақшасында  Құранның хатымы жариаланып тұрады.