Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы Қапан қажы мешітінде кешегі елім, жерім деп өткен қазақ зиялыларын еске алу шарасы өткізілді. Аталмыш шараға Қапан қажы мешітінің имамыЖамбыл Ыбыраш қатысып, саяси қуғындалғандар мен ашаршылық құрбандарының рухтарына Құран бағыштады.