Сұпа ата Аманжол Маңдайұлы әулиенің 200 жылдығына ас берілді







Сұпы Ата Аманжол Маңдайұлы (1823 -1915)

Қазіргі Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қараша өңіріндегі есімі елге танымал,сол жерде мешіт ұстап шәкірт тәрбиелеген ғұлама,әулие "Сұпы ата"есімімен танымал болған Аманжол Маңдайұлы Қараша өңірінде дүниеге келген.
Аманжол ата жасынан өнегелі іске,білімге бейім болып өседі. Хиуаға барып медреседе білім алады.
Хиуа хандығының Кіші жүз жеріне жасаған жүгенсіздік басқыншылығының жалғаса түсуі кезінде, жас батыр Аманжол көзге түседі. Оның негізгі ерлігі - Хиуа экспансиясы тұсында көрінген. Ұрыста Адай, Таз, Шеркеш т.б руларының батырлары Досан,Күнжарық Нарынбай,Байбақты Нұрсұлтан, Өтен, Төремұрат т. б.  батырмен бірге Қызылқала қорғанын басқыншылардан босатқан. Нарынбай ,Өтен
Төремұрат ,Байбақты батырлармен бірге соғысып ағаларын  ерекше сыйлаған, Байбақты құрдасынан жұбын жазбаған.  Барымта-сырымтаға қатыспаған. Бір адамға қиянат істемеген. Көзге сабырлы болған.
Ел намысын ешкімге жібермеген. Әруақты, ер - батыр атағына жастай ие болған, қасиетті азамат, ауыл арасындағы дау-жанжалға, жер дауына, жесір дауына араласпаған. Жалғыз тоқтысын қонаққа сойып берген. Жетім-жесірге, ауру-сырқауға, жоқ-жітікке бар көмегін көрсеткен.  Дүние-мал жинамаған. Бұйымы түсіп алдына келген адамның меселін қайтармаған. Шешімі қиын істерде ғана төрелік билік жасаған. Артында үлгі сөздері қалған, әзіл-қалжыңды сүйген, жан дүниесі бай болған. Ырымшыл болмаған. Берен ақылмен, ел берекесін ойлаумен, көреген болжағыштығымен елге қорған болып өскенімен, адами абзал мінезімен, қайырым - қасиетімен, кісілік ерекшелігімен көзінің тірісінде - ақ ел құрметіне бөленген, өнегелі қария, абыз Аманжол Маңдайұлын халық құрметтеп Сұпы ата әулие деп атап кеткен.
Сұпа ата жөнінде дастан жазылған, поэма, өлеңдер жарияланған. Атаға арнайы арналған ән, өлең бар.  Атаға кесене тұрғызылып, бірнеше рет ас берілді. Ата жатқан орын ел құрметтейтін, халық аруағына тағзым ететін сыйлы мекенге айналуда.
     Қадірлі ағайын, қымбатты жерлестер! 
Заманының заңғары, өзі батыр, өзі көріпкел, өзі емші, әулие Сұпы атаның туғанына 200 жыл толу мерейтойына ат салысқанан барша ағайын- тумаға "Қапан қажы" мешітінің имамы Жамбыл қажы Демеу ұлы рахметін айтып,сыйлықтар табыстап,ата рухына Құран бағыштап,Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа(с.ғ.с) туылған Рабиул--Әууәл айының құрметіне Мәуліт оқыды.
"Қапан қажы"мешітінің имамы Жамбыл Демеу ұлы