Қайнар мешіті




Қайнар мешіті - Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 196км қашықтықта. Үстірттің Доңызтауында орналасқан қорымның ішінде. 
Мешіт салушы атақты Досжан ишан салдыртқан 3 мешіттің біреуі. Мешіт тау тастарынан қаланып, төменгі бөлігі ортағасырлық күйдірілген кірпіштен салынған. Орталық бөлігі 2 тіреуішпен қаланған 6 күмбезді құрылыс. Көлемі 14 х 8 м. Қазіргі таңда мешіттің кірме бөлігі құлаған, күмбездері ішіне қарай опырылып кеткен. Мешіт құрылысының айналасын қоршай медресе, мазар, сағана құрылыстары орналасқан. 
Табын руынан шыққан досжай ишан (1815-1890жж) 
Бекет атадан кейін Батыс Қазақстан аумағында ислам дінін таратуды жаңа билік деңгейге көтерді. Ол аймақ қазақтарының арасында қажылық сапарды ұйымдастыру, Меккеде қажыға барған қазақтардың түсетін тәкия үйін салдыру, “Қазақ шежіресін” құрастыру және ХІХ ғасырдың 80 жылдары отарлаушы үкіметтен “қазақтар үшін бөлек мүфтилік” талап ету т.б аянбай еткен еңбегі арқылы тарихта қалған тұлға. 
Досжан ишанның әкесі Қашақ Солтүстік Үстірт (Доңызтау) пен оған көршілес жатқан Сам құмы, Ембі шөлін қоныстанған шөмішті табын руынан шыққан, мұсылманша сауатты молда болған. Досжан жас кезінде әкесінен білім алып, ғылым-білім жолынс ерте түседі. Сол кездегі Хиуа, Үргеніш, Бұқара қалаларында оқыған. Досжан ишан оқуын бітіріп, елге келген соң ХІХ ғасырдың 50-жылдарында Доңызтаудағы Тасастау Қайнар алқабында, өзінің бірінші мешітін салдырып, бала оқытып, шәкірт даярлайды.
Тасастау - Қайнарда Досжан ишан біраз жыл бала оқытқан. Қайнардағы Досжан ишан салдыртқан мешіті, Доңызтауда орналасқан мешіт - медресесі бар үлкен діни - тұрғын кешені. Доңызтаудан Ойыл өзенінің жағасына Досжан ишан 1868 жылы қоныс аударған. Ойыл бетке қоныс аударуы 1868-1869 жылдары «Уақытша ереже» заңыгың енгізілуі мен Орал, Торғай облыстары қазақтарының, кейін Маңғыстау адайларының отарлау