Сатыбалдиев Жомарт Қанатұлы қажылықта



Сағи жасаудың тарихы Ибраһим (ғ.с.) заманынан бастау алады. Оқиға былай болған: 
Ибраһим (ғ.с.) Алла Тағала тарапынан әйелі Хажар мен баласы Исмаилды Меккеге апарып қоныстандыруға әмір келеді. Ол шақта Мекке сусыз және қылтиған ағашы жоқ шөл дала болатын. Жаратқанның пәрменіне бойұсынып, пайғамбар бала-шағасына аздаған азық-түлік пен су беріп, Меккеге тастап кете барды. Көп өтпей ана мен баланың суы таусылады. Аптап ыстықтан шөл қысқан жөргектегі Исмаил бала шырылдап жылай бастады. Жолаушылаған жан пенде бар ма екен деген үмітпен жанұшырған Хажар ана Сафа төбесіне мен Мәруа жотасына кезек-кезек жүгіріп, әуре-сарсаңға түсті. Осылайша, жеті рет шығып, жеті рет түсті. Төбеден түскенінде сайға қарай екпінімен жүгіргендіктен, қазіргі уақытта екі аралықтың 55 метрін сағи жасау, яғни жүгіріп өту содан қалған. Кенет нәрестенің аяғының астынан бұлақ жарып шығыпты. Қатты қуанып, жүгіріп барып атқылап жатқан суды қолымен жинай бастады. Құмға сіңіп кетер ме екен деп өз тілінде «зәм-зәм» (жинал, жинал) деп жатты. Осылайша, Алла Тағала бұл отбасына тіршілік көзін берді. Қасиетті бұлақ пайда болғалы бір отбасының ғана емес, тұтастай аймақтың тіршілігі жандана түсті. Міне, бұл, Ибраһимнің (ғ.с.): «Раббым! Ақиқатында, мен ұрпағымнан (бір бөлігін) қасиетті етілген Үйіңнің (Қағбаның) жанындағы егінсіз алқапқа орналастырдым. Раббым! Олар намазды толық орындайтын болсын және адамдардан кейбірінің жүректерін оларға бұр әрі шүкір етулері үшін оларды жемістермен ризықтандыр», – деп жасаған дұғасы қабыл болғанының көрінісі еді.  Сафа мен Мәруа аралығында ер кісілер жүгіріп өтуі – сүннет. Ал, әйелдер жай жүріп өтуіне рұқсат етілген. Сафа мен Мәруа арасында жеті рет жүріп, сағи жасау – үлкен және кіші қажылықтың уәжіп амалы. Құран Кәрімде: «Расында, Сафа мен Мәруа – Алланың белгілерінен. Кім үйге (Кағбаға) қажылық немесе ұмра жасаса, оған екеуінің арасында жүруде ешқандай күнә жоқ. Ал, кім (өз еркімен) қосымша бір жақсылық істесе, әлбетте, Алла – алғысқа Бөлеуші, бәрін Білуші», – деп әмір етілген.Ертеректе үлкен қажылыққа барғанымда осы тау қоршаусыз еді. Үстіне шығып дем алып отырушы едім. Неткен қасиетті жер Мекке-Мадинаны қатты сағындым. Тағыда Алла Тағалам қажылыққа шақыршы.