Құран хатым жасалды




Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы "Қапан қажы" мешітінде жұма күні жамағатпен он екінші Құран Кәрім хатымы жасалды. Қасиетті кітапты оқу – ең ұлы ғибадаттардың бірі және Аллаға жақындататын төте жол. Әбу Убайда Ибрахим ат-Таймидан риуаят етеді: «Бір күні Ибн Аббас хазреті Омардың:«Мына үмметтің пайғамбары бір, кітабы бір, қыбласы бір, мешіті бір бола тұра бір-бірінен ажырап, бөлініп кетті», –деп, айтып отырғанын  естіп қалады да жанына келіп:«Уа, мүміндердің әміршісі! Бізге Құран түсті, біз оны оқыдық. Оның қандай себеппен түскенін білеміз. Бізден кейін сондай бір қауымдар келеді, Құранды оқиды бірақ оның не себепті түскенін білмейді. Сол кезде олар ақылына сүйеніп шешетін болады. Ақылға салғаннан араларында келіспеушіліктер пайда болады. Келіспеушіліктің нәтижесі ұрыс-жанжалға алып келеді», – деген. Өйткені, ақылды кісі өзінің шектеулі ақылына емес, Жаратушы хақтың нұсқауларына сүйенеді. Абай атамыз айтқандай, ақылды кісіге иман парыз, иманды кісіге ғибадат парыз. Ғибадат – барлық ізгі ниетпен жасалған іс-әрекеттер. Ақылын дұрыс ниетте пайдала білген кісі жақсылық пен жамандықтың арасын ажырата біледі.
«Қапан қажы» мешітіне қарасты www.kapan-kazhi-meshiti.kz сайтына және Инстаграмдағы парақшаға Islam_kulsari.kz Құранның хатымы бейне таспаға жазылып, суретке түсіріп жариялап отырамыз. "Қапан қажы" мешітінде Құраннан,мәбдәул-қираәт кітәбынан сабақтары жүріп жатыр, Бесін, Құптан намазынан кейін "Ислам Тарихы   кітәбынан  дәріс жүруде. Мешітке келіп Құран үйреніңдер.Құран хатым оқыған барша жамағаттарына және  Жауымбай,Даулетқазы ағаларымызға, мешіт имамы Ж. Ыбыраш ризашылығын білдірді."Алла қалаған пендесіне еселеп сауап жазады" (Құран кәрім, Бақара сүресі, 261-аят).