Құран хатымның сауабы

Атырау облысы ,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы « Қапан қажы» мешітінің жамағатымен 7 –ші Құранның хатымы мешітте жасалды.Хатымның сауабы турасында ғалымдар не дейді?
Хатым – сөздікте бітіру, аяқтау деген мағынаны берсе де, фиқһтағы мағынасы бір кісінің Құран кәрімді бастан аяқ оқып шығуы деген сөз. Хатымның маңызы жайында көптеген хадис шәриф бар. Бірнешесі төменде:
«Құран кәрімді хатым еткен адамға алпыс мың періште истиғфар етеді.» (Дәйләми)
«Құран кәрімді хатым еткен адамның дұғасы қабыл болады.»(Табарани, Ибн Хиббан)
«Құран кәрімді хатым еткен адамның қабыл болған бір дұға ақысынан бөлек, жәннатта бір ағаш та беріледі.» (Хатиб)
«Хатым еткен адамның дүние мен ахиреті үшін жасаған дұғасы қабыл болады.» (Бәйһақи)
«Хатымды оқыған және тыңдағандардың дұғасы қабыл болады.» (Әбу Нуайм)
«Бес уақыт намаздан кейін жасалған дұға сияқты, хатымнан кейін жасалған дұға да қабыл болады.» (Табарани)
«Хатым дұғасы жасалған жерге қатысқан адам, олжа таратылып жатқан жерге қатысқан сияқты болады. Хатым етуді бастаған жерде болған адам жиһад етуші сияқты. Екеуіне де қатысқан адам екі сауапқа да қауышады және шайтанды масқаралаған болады.»
(Хазинәт-ул-әсрар)
Құран кәрімді қырық күнде хатым ету мүстаһаб. Хатымнан кейін жасалған дұға қабыл болады. Хатым біткенде, қайтадан хатымды бастау ниетімен Фатиха оқу керек. Хадис шәрифте:
«Адамдардың ең жақсысы – хатымды бітіргеннен кейін қайтадан бастаған адам».