"Қапан қажы" мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.

"Қапан қажы" мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.
Акция аясында 10 отбасына азық-түлік таратылды.
Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылының жастары, Қасиетті Жұма күнінің құрметіне "Қапан қажы" мешітінің  имамы Жамбыл қажы Демеуұлының ұйтқы болуымен қайырымдылық акциясын өткізіп, он  отбасына азық-түлік таратылды.
Іс-шара әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларды қамтыды. Азық-түлік себеттері бірінші қажеттіліктегі тағамдармен толықтырылды.
"Жақсылықта жарысайық" акциясына Шоқпартоғай ауылының жергілікті тұрғындары 1994-2004 жылғы дүние есігін ашқан азаматтар атсалысуда. Алла разылығы үшін жасалған сауапты істерін Алла қабыл етіп,қияметте алдарынан сауап болып шығуды нәсіп етсін.Мешітімізде  әлеуметтік қолдауға мұқтаж ретінде тіркелген отбасылар ішінен 10 шаңыраққа табыс етілді. Алла ниеттеріңізді қабыл етсін,   біздің мақсатымыз – қамкөңіл жандарға демеу болу  -деп "Қапан қажы" мешітінің бас имамы Жамбыл Ыбыраш Құран оқып батасын берді.