Дүйімбаев Ағынғали Дүйімбайұлы








Атырау облысы,Жылыой ауданы,
Құлсары қаласындағы «Нұр асыл» мейрамханасында Дүйімбаев   Ағынғали  Дүйімбайұлы жыл толу қадесін атап өтті. Пайғамбарымыздан бір кісі: «Уа Алланың елшісі, ата-анам өлгеннен кейін де оларға құрмет көрсете аламын ба?» деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз: «Иә, егер дұға жасасаң, Алладан оларға кешірім етуін сұрасаң, берген уәделерін орындасаң, туыстарымен байланысыңды үзбесең және достарын құрметтесең» деп жауап берген. Сонымен қатар исламда «үздіксіз сауап» деген ұғым бар. Ол Пайғамбарымыздың: «Адам қайтыс болған соң амал-сауабы тоқтайды. Тек үш жолмен ғана үздіксіз сауап барып тұрады: тоқтаусыз садақасы (ел игілігі үшін жасаған нәрселерінің сауабы – салған көпірі, мешіт, медресесі, т.б.), қалдырған пайдалы ілімі, салиқалы ұрпағының дұғасы» деген хадисте.
 
Ағынғали Дүйімбайұлы 1942 жылы 23 наурызда Жылыой ауданы Қараша елді мекенінде дүниеге келген.Әке-шешесі Қызыл ту колхозында қарапайым колхозшы болған.

1950-60жылдар аралығында орта мектепті ойдағыдай аяқтап ,Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтында білім алады. Студенттік өмірінінде оқуын және қоғамдық жұмыстармен қоса атқарады.

Институт бітіріп 1965 жылдан бастап Қамысқол кәсіптік   техникалық училищесіне мұғалім боп орналасады,1967 жылы Аудандық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөліміне меңгерушісі боп жоғарылатылады.Жұмыстармен көрінген жас маман Қазақстан ЛКСМ Орталық комитетінің грамотасымен марапатталады.

1971-84жылдары Қамысқол кәсіптік  техникалық училищесіне директор болып тағайындалады. Жұмысының нәтижесинде Қазақ ССР кәсіптік   техникалық білім беру ісінің үздігі белгісімен марапатталады.

Жастар білім беру және басшылық қызметті теңестіру арқылы 1984 жылы Құлсары поселкасының кеңесі төрағасы болып сайланады.Сол 1984-1994 аралығындағы 10 жыл басқару жылдары Болашақ Құлсары қаласының 5 мөлтек ауданы тұрғызылып ,коптеген әлеуметтік тұрмыстық обьектілер іске қосылады.Әрбір істің басында болып БОЛАШАҚ Құлсары қаласының 40мың халқының әлеуметтік тұрмыстық жағдайымен , қаланың көркеюі басты мақсаты болады.Осы жылдардағы енбегінің арқасында Құлсары поселкасының кеңесінің 4 рет депутаты,аудандық кеңес депутаты,облыстық кеңесінің   депутаты болып 2 рет сайланады.1994 жылы Құлсары поселкасының 1-ші әкімі болып тағайындалады.

1997 жылы аудандық әлеуметтік қорғау бөлім бастығы ,2001 жылы аудандық статистика бөлім бастығы қызмет етеды. Адал еңбегі ушін Республика Президентінің алғыс хатымен және Облыстық әлеуметтік қорғау департаментінің алғыс хатымен марапатталады.

2004 жылы аудандық мүмкиндігі шектеулі балаларды үйден қамту бөлімі меңгерушісі қызметін атқарады.Халықтың хал –аухатынмен   жақсы таныс маман ретінде қолынан келген куш жігерін аямайды.2005жылы барлық тапсырылғын  қызметі абыроймен атқарып, құрметты демалысқа қалады.

 Ағынғали   Дүйімбайұлы зейнеткерлікке шыққасында өмірлік тәжірбиесімен жас мамандармен бөлісіп ақыл кеңес беруден жалықпайды.Өмірлік бай тәжірибе жинақтаған басшы ретінде Құлсары қаласыныңқалыптасуына ,көркеюіне сіңірген еңбегі үшін     Жылыой ауданының Құрметты Азаматы атағы беріледы.

Ағайын –туманың,дос жаранның ұйытқысы болып,қуаныш қайғыны бөлісуінде жалғастырады.Жанұяда ұлдарына өзінің өмірін өнеге етип ,тәлім  тәрбиемен қалыптастырса, немерелерінің білімін жетілдіруге  бар ынтасын салады.Әке салған   сара жолмен журіп үш немересі жоғарғы білімдер мамандар болса, 3 немересі білімдерін жалгастыруда.Білімді саналы ұрпақ көргісі келген әке арманын орындау парызымыз. 

Ағынғали Дүйімбайұлына « Қапан қажы» мешітінің имамы Жамбыл Демеуұлына  Құран оқытып, садақа берудің, марқұмның ізгілігін сүйінішпен еске алып, соңында қалғандарға қайырым-көмек жасаудың әрбірінде адамның шайқалақтап тұрған иман таразысын теңгеріп, арғы-бергісін ойлатып, тәубесін есіне түсіретіндей және арнап садақа беруде үлкен мән-мағына бар.