Биыл қасиетті ережеп айы ақпан айының 24 нен-25-не қараған түні басталады. Бұл ережеп айының өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Жалпы Ислам діні бойынша әрбір айдың өзіндік қадір-қасиеттері болады. Айларды Алла тағала Құран кәрімде былайша баяндайды: «Расында Алла қасында көктер мен жерді жаратқаннан бері Алланың кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардың төртеуі – құрметті айлар». Сондай-ақ, тағы бір аятта Алла тағала: «Олар сенен «тыйым салынған айда соғысуға бола ма?», – деп сұрайды. Сен оларға «бұл айда соғысу – үлкен күнә», – де. Ал, адамдарды Құдай жолынан тайдыру, күпірлік келтіру, Мәсжид-әл-Харамда (ғибадат етуге) тосқауыл болу, ол жерден адамдарды қуып шығару – Құдай алдында таудай үлкен күнә. Бүлік жасау – кісі өлтіруден де ауыр қылмыс делінген.
Осы айдың құрметіне «Қапан қажы» мешітіне қарасты www.kapan-kazhi-meshiti.kz сайты «Ережеп айының құрметіне 1 000 000 Лә илаһа иллаллаһ» атты тың жобаны іске қосты.
Оқимын деп ниеттенген «Лә илаһа иллаллаһ» зікірін 24-науырызға дейін бітіру шарт. Сауаптан құр қалмайық ағайын.
Ұқсастар
- "Қапан қажы" мешітінде«Пайғамбарымызға 1 000 000 салауат» жобасы тәмамдалып Құран,салауат бағышталды. Жамағат
- "Қапан қажы" мешітінде«Пайғамбарымызға 1 000 000 салауат» жобасы тәмамдалды Жамағат
- "Қапан қажы" мешітінде«Пайғамбарымызға 1 000 000 салауат» жобасы басталды Жамағат
- Сапар айында үйленуге, сапарға шығуға бола ма? Медиа
- Ең құрметті төрт ай және олардың қасиеті болу себебі Жаңалықтар