Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз

Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесін шоқпартоғай ауылындағы "Балдаурен"бала- бақшасында атап өтті. "Қапан қажы"мешітінің имамы бүлдіршіндерге батасын берді. 
Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін,көңілдің кеңитін кезеңі - наурыз мейрамы құтты болсын!
Күн мен түн теңеліп, көктем күшін асырған Ұлы көктем мейрамы Сіздердің шаңырақтарыңызға жақсылық қуаныш, ырыс әкелсін! 
Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, отбасыларыңызға бақыт пен береке сыйласын . Келесі жылғы науырызға аман- есен жетуімізге Аллаһ нәсіп етсін.