ОРАЗА АЙТ НАМАЗЫНДА СПОРТТЫҚ ШАРАЛАР ӨТТІ

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылында биыл ораза ұстаушы көп болып күні кеше басталған ораза бүкіл мұсылман қауымының қасиетті айы – Рамазан айы да аяқталды. Осыған орай "Қапан қажы "жамағатының ұйымдастыруымен мешіті алаңында жамағаттар арасында спорт түрлерінен жарыс өтті. Жиналған жамағаттың алдында сөз алған ауылдық"Қапан қажы " мешітінің имамы Жамбыл қажы Демеуұлы Спорттық шараларды жамағаттар мен тұрғындар арасында Рамазан айында жылдан жылға дәстүрге айналып келеді.Оның мақсаты: Барша мұсылман бауырлардың бір-біріне деген ықыласы,дәстүрлі дінімізді нығайту, татулыққа, достыққа, бірлікке, тыныштық пен берекеге т.б дүниелермен ұштасуы болып табылады-, деп Ораза мерекесімен құттықтап, лебізін білдірді. Шара соңында қол күресі және арқан тартысы түрінен жеңімпаз атанған жамағаттарға сыйлықтармен марапатталды