Бас имам Қызылқоға ауданының әкімімен кездесті

Бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Қызылқоға ауданына жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында Бас  имам Алтынбек Ұтысханұлы Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиевпен кездесті.
Екі жақты кездесу барысында қос тарап облыс орталығынан шалғай орналасқан аудандағы діни, рухани ахуал, өзекті мәселелер хақында ой бөлісті. Және имамы жоқ шалғай ауылдарды білікті дін мамандарымен қамтамасыз ету мәселелері де көтерілді. Кездесу аясында қос тарап өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге уағдаласты.
Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Қызылқоға ауданына қарасты екі бірдей ауылда мешіт құрылысы жүріп жатыр.