АЗАН ШАҚЫРЫЛҒАН СӘТТЕ МЫНАНЫ ҰМЫТПАҢЫЗ!

Азан – сөзі «хабар беру, естірту» деген мағынаны білдіреді. Дініміздегі терминдік мағынасы – намаз уақытының басталғандығын білдіру үшін айтылатын арнайы шақыру сөздері. Азанның дініміздегі орны ерекше. Сонымен қатар азан – негізгі ислам рәміздерінің бірі. Мұсылман баласы азан шақырылғанда оны ықыласпен тыңдап, азан сөздерін қайталауы керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Азанның дауысын естігенде азаншының сөздерін қайталаңдар...» деген. Тағы бір хадисте: «Хаййә алас-Саләһ (Намазға асық!), Хаййә аләл-Фәләх (Азаттыққа, мәңгілік бақытқа жетуге асық!)» деген кезде «Ләә хаула уәләә қууата иллә биллаһ (Күш қуат тек Аллаға ғана тән)» деген сөздерді айту керектігін өсиет еткен. Өйткені намазды өз деңгейінде орындау өте жауапты, игі амал. Осылайша мүмін, азаншының дауысын естігенде «күш қуат тек Аллаға ғана тән» деу арқылы «Уа, Аллаһ тағалам! Егер де Сенің күш-қуатың болмаса намаз да өз деңгейінде өтелмей мәңгілік бақытқа жете алмас еді» деген болады.Ауылымыздағы мешіттен 40-күн азан дауысы шықпады.Жылыой ауданы,ауыл тұрғындары мен жамағаттарының ұйытқы болуымен бүгін мешітке жаңа дауыс шығарғыш аппараты  алынып,іске қосылды.Осы игілікті істі ұйымдастырған Қуандық және Құлсары азаматы Асылбек ,ат салысқан баршаңызға Алла риза болып,шыққан шығындарыңыздың еселеніп қайтуын Алла нәсіп етсін.