Қапан қажы мешіті кітапханаға сыйлық жасады




Қапан қажы мешіті осы күнге ауылдағы бірқатар  халықтың рухани сұранысына жауап беріп, діни тұрғыдан ақпараттандыру мақсатында бірқатар мекемелермен бірлесе жұмыс атқарып келе жатыр. Осы ізгі бастаманың жалғасы ретінде бүгін Шоқпартоғай ауылдық  кітапханаға  Қапан қажы мешітінің атынан кітаптар сыйланды. Атап айтқанда иман негіздері, Исламның шарттары, Ислам әдептері мен мінез-құлық нормалары туралы негізгі мәліметтер қамтылған «Негізгі діни мағлұматтар», «Ислам дегеніміз не?», «Оразаға қатысты 150 сұрақ», «Жаназа рәсімдері», балаларға арналған «Дінімді үйренгім келеді», «Пайғамбар ахлағы» т. б. атты кітаптардың әр бірінен кітапханаға бір-бір данадан сыйлыққа бердік. 
      Халқымыз ата дінін жеткілікті деңгейде меңгеріп, жастарымыздың түрлі жат ағымдарға қарсы иммунитеті мықты болсын деп тілейміз!

Қапан қажы мешітінің баспасөз қызметі