Бүгін Махамбет жұртшылығы имам Сұлтан Ұзақбаевты ақтық сапарға шығарып салды.
Марқұмның жаназасына Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бастаған жергілікті дін қызметкерлері тұтастай қатысты.
Елу жасқа қараған шағында көз жұмған Сұлтан Ұзақбаев өмірінің соңғы күндеріне дейін Махамбет аудандық орталық мешітінде наиб имам қызметін атқарды.
Атырау облысына кеңінен танымал имам Сұлтан Ұзақбаев кезінде Жамбыл облысындағы Меркі медресесін аяқтаған.
Ұзақ жыл Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласында, Қызылқоға ауданына қарасты Мұқыр ауылында имамдық қызмет атқарған. Махамбет аудандық орталық мешіті ашылған алғашқы кезеңде дауылпаз ақын атын иеленген ауданның бас имамы болған.
Облыс имамдары марқұм Сұлтан Ұзақбаевтың рухына бағыштап, Құран Хатым оқыды.
Атырау облыстық орталық “Иманғали” мешіті марқұмның отбасына, жақындарына қайғырып, көңіл айтады.
Ұқсастар
- Жанбай ауылында Әйтеке би атындағы мешіт ашылды Намаз
- Жылыой ауданына жаңа бас имам тағайындалды Намаз
- Бас имам Қызылқоға сапарын Сағыз ауылында қорытындылады Жаңалықтар
- Бас имам Қызылқоға ауданының әкімімен кездесті Медиа
- Бас имам Атыраудағы Жұлдыз мешітінің имамын құрметпен шығарып салу рәсіміне қатысты Жамағат